Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Градимир Црногорац "Қайсарға" оралғысы келеді

Градимир Црногорац "Қайсарға" оралғысы келедіБосния және Герцоговина елінің футболшысы Градимир Црногорац біраз жыл қазақстандық "Атырау" және "Қайсар" клубтарында ойын көрсетті. Биыл ол қызылордалық клубтың оқу-жаттығу жиындарының біріне қатысқанымен, маусым барысында "Қайсар" құрамынан көріне алмады. 
Қазір футболшы ешқандай командада ойын көрсетпейді. Ол "Қайсардан" кейін өз елінің "Слобода" (Тузла), "Звиезде" (Градачац), "Градина" (Сребреник) клубтарының намысын қорғады. Ол әлі де "Қайсардың" сапына оралуды қалайды. "Мен "Қайсардың" ойындарын сырттай бақылап отырамын. Ондағы соңғы жылымда үздік сұрмерген атандым. Үстіміздегі жылы "Қайсар" Қазақстан чемпионатында бестіктен көрінді. Оған қуаныштымын. Тіпті, еурокубок ойындары қол созым жерде қалды. Маған қызылордалық жанкүйерлер жаһандық желі арқылы хабарласып отырады. Тіпті, олардың арасында "Бізге қашан келесің" деп сұрайтындары да бар" дейді. ол. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: