Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Волейболдан облыс біріншілігі мәресіне жетті

Волейболдан облыс біріншілігі мәресіне жеттіҚызылорда қаласында волейболдан балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің 2002-2003 жылдары туылған оқушылары арасында облыс біріншілігі өтті. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген жарысқа Қызылорда қаласы мен аудандардан 16 команда бақ сынап, 4 топқа бөлініп ойнады.
Бес күнге сызылған жарыс нәтижесінде ұлдар арасында № 8 Жаңақорған ауданының спорт мектебі облыс біріншілігінің жеңімпазы атанды. Екінші орынды №9 Шиелі ауданының спорт мектебі иеленсе, №7 Жаңақорған ауданының спорт мектебі үшінші орынды еншіледі. Ал қыздар арасында №9 Шиелі ауданының спорт мектебі өздерінің мықтылықтарын көрсетті. Күміс жүлде №20 Арал ауданының спорт мектебіне тиесілі болса, қола жүлде №11 Сырдария ауданының спорт мектебіне бұйырды.
Жарыста «Үздік ойыншы» - Ақжелек Құрманова (№9 Шиелі спорт мектебі), Асхат Дәурен (№8 Жаңақорған спорт мектебі), «Үздік шабуылшы» - Бекарыс Еген (№9 Шиелі спорт мектебі), Аяулым Төлебаева (№20 Арал спорт мектебі), «Үздік үйлестіруші» - Берік Пернебай (№7 Жаңақорған спорт мектебі), Аружан Төлеуова (№11 Сырдария спорт мектебі) марапатталды. Сондай-ақ, үздік жаттықтырушы аталымына аралдық Саржан Сахиев ие болды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: