Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

2018 жылғы әлем біріншілігінің іріктеу кезеңі басталды

Футболдан 2018 жылғы әлем біріншілігінің іріктеу кезеңі басталды. Доп додасының алғашқы ойындарын Азия құрлығының құрамалары өткізді. 
Іріктеу сатысының бірінші кезеңінде сарықұрлықтағы әлсіз деген құрамалар өзара кездесті. Бұл кездесулер 12 наурызда болды. 
Ойын нәтижелері төмендегіше: 
Үндістан – Непал 2:0 (0:0)
Тайвань – Бруней 0:1 (0:1)
Йемен – Пакистан 3:1 (1:0)
Камбоджа – Макао 3:0 (0:0)
Шығыс Тимор – Моңғолия4:1 (2:0)
Шри-Ланка – Бутан 0:1 (0:0)
Қарымта кездесулер 17 наурызда өткізіледі. Іріктеу сатысының екінші кезеңі үстіміздегі жылдың 11 сәуірінде Малайзия астанасы – Куала-Лумпур қаласында тартылады. 
Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың 22 наурызында Солтүстік және Орталық Америка елдері іріктеу кезеңін бастайды. Ал Африка, Оңтүстік Америка және Еуропа елдері доп додасына іріктеу кезеңін бастай қойған жоқ. 
Естеріңізге сала кетелік, әлем біріншілігінің финалдық кезеңі Ресейде 2018 жылдың 14 маусым-15 шілде аралығында өткізіледі. Ойындар аталмыш елдің Мәскеу, Санкт-Петербург, Казань, Екатеринбург, Самара, саранск, Сочи, Ростов-на-Дону, Калининград, Нижний Новгород, Волгоград қалаларында өткізіледі.  
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: