Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

«ҚАЙСАР» ДОП ДОДАСЫН ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ

«ҚАЙСАР» ДОП ДОДАСЫН ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ Ертең, 29 наурызда «Қайсар» Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласының «Мақтарал» командасымен Қазақстан кубогының алғашқы кезеңіндегі ойынын өткізеді. Бұл жайында Seykhuninfo.kz ақпарат агенттігі мәлім етті. 
Бұдан бұрын жерлестеріміз 26 наурызда Шымкенттің «Қыран» клубын 2:0 есебімен тізе бүктірген еді. Бұл ойында қызылордалық ұжым сапынан Елжас Алтынбеков пен Роман Павинич гол соқты. Оның алдындағы кездесуде «Қыран» мен «Мақтарал» 1:1 есебімен тең түсті. «Қайсарға» келесі кездесуде тең нәтиже де жеткілікті. Естерінізге сала кетейік, бұл кезенде 3 топта алға шығып, бірінші орын алған командалар Қазақстан Республикасы Кубогының 1/8 кезеңіне жолдама алады. 
Бүгінгі күнге дейін 1 топтан Петропавлдің  «Қызылжар» командасы жарыстың келесі сатысына жолдама алған еді. Осы топта сынға түскен Қызылорданың тағы бір клубы «Байқоңыр» алдымен «Қызылжардан» 0:3 есебімен жеңіліп, келесі кездесуде Теміртаудың «Болат-Шахтерімен» 1:1 есебімен тең түсті. Осылайша өз тобында үшінші орынды місе тұтып, жарыс жолынан шығып қалды.  
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: