Футболдан Ұлттар лигасы: Қазақстан мен Молдова ойынына төрешілер белгіленді
Футболдан UEFA Ұлттар лигасы өтпелі сатысының қарымта ойынындағы Қазақстан мен Молдова құрамалары кездесуіне төрешілер құрамы белгіленді.
Аталған ойын 29 наурызда елордадағы «Астана-арена» стадионында өткізіледі.
Онда словакиялық Иван Кружляк бас төреші қызметін атқарады. Ол бұған дейін халықаралық 89 ойында қазылық жасады. Оған отандастары - Бранислав Ханчко мен Ян Позор көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де словакиялық Филип Глова.
Ал VAR-жүйесі бойынша италиялық Паоло Валери мен Даниэле Довери қызмет жасайды.
Еске салсақ, алғашқы ойында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Молдованы 2:1 есебімен тізе бүктірген еді.
Екі ойынның нәтижесімен жеңімпаз құрама алдағы кезеңде С лигасындағы орнын сақтап қалса, жеңілгені Д лигасында сынға түседі.