Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық футбол федерациясының ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 30 мамыр - 5 қазан аралығында әр аптаның сенбі күндері Қызылорда, Байқоңыр қалаларында және аудан орталықтарында футболдан облыстық чемпионат өткізілді.
Аталмыш шара Ұлы жеңістің 70 жылдығына, Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналды. Үшінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа 10 команда қатысты. Жарыс бағдарламасына сәйкес 15 тур өткізіліп, нәтижесінде Жаңақорғанның «Сығанақ» командасы 48 ұпаймен бірінші орынды иеленді. Екінші орынға 40 ұпаймен «Намыс» командасы (Шиелі ауданы) ие болса, 34 ұпаймен үшінші орын «Жігер» командасына (Қазалы ауданы) бұйырды.