Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ИЛЬЯ ИЛЬИН «БІРЛІК» АЛТЫН МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

ИЛЬЯ ИЛЬИН «БІРЛІК» АЛТЫН МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

 

Қызылорда облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында Елбасының және барша Сыр жұртшылығының атынан 2 дүркін Олимпиада, 4 дүркін Әлем чемпионы Илья Ильинге облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Бірлік» алтын медалін тапсырды. 
Бұл ең алдымен Елбасының және Ильяның жерлестері мен бүкіл қазақстандықтардың чемпионға көрсеткен қолдауы. 
- Біз еліміздің атын әлемге танытып жүрген жерлесіміз Илья Ильинге тек сәттілік тілейміз. Ильяны бүкіл қазақстандықтар, оның ішінде жерлестері де әрқашан қолдауға дайын. Сыр елінен шыққан батыр ұл Қазақстанға әлі талай жеңіс сыйлайтынына сенеміз, - деді Сыр жұртшылығы атынан облыс әкімі. 
Облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді қалыптастыруға қосқан елеулi үлесi үшiн кәріс этномәдени бірлестігінің ардагері Ге Хак Римге «Бірлік» алтын медалі табысталды. Сонымен қатар, Ассамблеяның бірқатар белсенді мүшелері Алғыс хаттармен марапатталды. 
Сессия отырысында сөз алған аймақ басшысы Ассамблея жылы аясында Қызылорда облысында атқарылған жұмыстарды қорытындылады. ҚР Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІV сессиясында берген тапсырмалардан туындайтын міндеттерге тоқталып, облыстық ассамблея жалпымемлекеттік мәселелерді шешуге белсенділікпен қатысуы қажеттігін атап өтті. Қойылған міндеттерді орындау үшін баршаға ортақ құндылықтар – бірлік, этносаралық және конфессияаралық келісім сақталуы керек. Биылғы жылдың басты ерекшелігі – ел Тәуелсіздігінің 25-жылдығы. Осынау тарихи күннің бар маңызын салмақтай отырып, облыстың барлық тұрғындарын егемендікті, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайту жолында бірлесе күш салуға шақырды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: