Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қазақстан хоккейшілері жоғары дивизионға оралды

Қазақстан хоккейшілері жоғары дивизионға оралды

 

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы алдына қойылған мақсатты орындады. Біздің хоккейшілер әлем чемпионатының бірінші дивизионның А тобында қатарынан төртінші мәрте жеңіске жетті. 
Бұл жолы біздің құрамадан мұзайдын иелері – Польша 2:3 есебімен жеңілді. Төрт кездесуде бірде-бір ұпайды шашау шығармаған Қазақстан араға жыл салып, қайтадан әлем хоккейінің элиталық тобына қайтадан жолдама алды.   
Жер-жаһанның шеберлігі жоғары хоккейшілері 2016 жылдың 6-22 мамырында Ресейдің Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларында жиналады. Элиталық дивизионның әлем чемпионатында біздің құрама да бақ сынайды. 

Қазақстан - Польша 3:2 (0:0, 2:1, 1:1)

1:0 - Савченко (Даллмэн, Краснослободцев) - 29:34 ГБ
1:1 - Почиха (Коваловка, Хмелевски) - 35:33 ГБ
2:1 - Старченко (Руденко) - 36:56
2:2 - Колуш (Брык, Ромпковски) - 48:20
3:2 - Старченко (Савенков) - 55:26

Қақпашылар: Полуэктов - Радзишевски
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: