Шиелі ауданының қазыналы қарттары көпшілікке саламатты өмір салтын сақтау үлгісін көрсетіп келеді.
Мәселен, жыл сайын өткізілетін дәстүрлі шараларының бірі дойбы ойыны. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аясында өткізілген аудандық біріншіліке зейнет жасындағы жиырма ардагер бақ сынасты. Сайыс нәтижесі бойынша І орынды Ә. Тәжібаев ауылының ардагері Нұрмаханов Ахметбек, ІІ орынды Ақмая ауылының ардагері Дәрібаев Сейітқасым, ІІІ орынды Шиелі кентінің ардагері Күлімбет Болат иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталып, дипломдар табысталды. Ойынға қатысушы барлық ардагерлерге ынталандыру сыйлықтары табысталды.