Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Жаңақорғанда Жеңіс мерекесіне турнир өткізілді

Жаңақорғанда Жеңіс мерекесіне турнир өткізілдіЖаңақорғанда Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған волейболдан аудандық турнир өткізілді. 
Турнирге аудан әкімінің орынбасары Б.Айтбембет, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы З.Шермағанбетов, кент ардагерлерінің төрағасы М.Махмутов, «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы И.Нарзілдаев, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Балқожаев қатысып, салатанатты түрде жарысты ашып берді. Турнирге жалпы 8 команда қатысып, екі топқа бөлініп, айналым жүйесімен тартысты ойын көрсетті. Жарыстың қорытындысымен І орынды Байкенже ауылы, ІІ орынды Жаңақорған кенті, ІІІ орынды Әбдіқаппар ауылының құрама командалары иеленді. Жарыстың жеңімпаз, жүлдегерлері аудандық спорт бөлімінің арнайы алғыс хаттарымен марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: