Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

«ҚАЙСАР» ТҮРКИЯДА ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРГІЗЕДІ

«ҚАЙСАР» ТҮРКИЯДА ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРГІЗЕДІ4 ақпаннан «Қайсар» командасы екінші оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Түркияға аттанды. Сапар алдында көптен күткен жаңалық орын алды. Команданың бас бапкері Әбілдаев Сұлтан Тоқатайұлымен келісім-шартқа қол қойылды. Бұл жайында Seykhuninfo.kz ақпарат агенттігі "Қайсардың" ВК желесіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Сұлтан Тоқатайұлы Сыр елі тұрғындарына белгілі азамат. «Қайсардың» сапында ойын көрсетті. 1970 жылдың 21 наурызында Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Сұлтан Әбілдаев футболшылық өмірінің көп уақытын «Қайсар» сапында өткізген. Клубтың капитаны мен үздік ойыншыларының бірі болды. Жартылай қорғаушы және қорғаушы ретінде ойын көрсетті. 2005-ші жылы «Қайсар» сапында жасыл алаңмен қош айтысты. Өткен онжылдықтың соңына таман бапкерлік қызметке бет бұрған.
Сонымен қатар бас бапкердің көмекшісімен де келісім-шартқа қол қойылды. Бұл қызметке өткен жылы бірінші лигада үздік бапкер атағына қол жеткізген, тәжірибелі маман Александр Москаленко тағайындалды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: