Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

WSB. "Астана арландарының" кезекті жеңісі

WSB. "Астана арландарының" кезекті жеңісі

 

Әлемдік бокс сериясының кезекті кездесуінде «Астана Арландары» жеңіске жетті. Шымкентте өткен жекпе-жекте «Рафако Гуссарсты» (Польша) 5:0 есебімен жеңді. Бұл жөнінде
"Аламан" хабарлады. 
Өзінің «Астана арландарындағы» алғашқы жекпе-жегін өткізген Жомарт Ержан Давид Ягодзинскийден басым түсті. Жеңіл салмақтағы (49 келі) Жомарт айқын басымыдылықпен ұтып, «Арландарға» алғашқы жеңісті алып келді.
«Арландардың» екінші кездесуін өткізген Мейірболат Тойытов Силвестер Коздовскийді жеңді. Төрешілер берген есеп бойынша 50:44, 50:44, 50:44 Тойытов ұтты.
Үшінші жекпе-жекке шыққан «Арландардың» капитаны Самат Бәшенов, өзінің керемет кездесуін өткізді. Бәшеновтың соққылары қарсыласы Казимер Леговскийді теңселтіп те тастады бір сәтте. Бәшенов 3:0 «Арландарыды» алдыға шығарып, польшалықтармен болған кездесуді шешіп тастады.
75 келіде шаршы алаңға шыққан Мейірім Нұрсұлтанов осы салмақта рейтингті бастап тұрған Томаш Яблонскиймен кездесті. Мейрімнің ойлы соққылары мен ақылды қимылдары жеңіске жетеледі. Қарсыласының қабағын да жырып жіберді. Нұрсұлтанов биылғы маусымдағы төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті.
91 келіде бокстасқан Василий Левтиттің қарсыласы сол салмақта рейтингте көшбастап тұр. Игор Якубовскийді екінші раундттан кейін-ақ шаршы алаңнының ортасында жүріп «сабады». Үшінші раундта Якубовский Левтитті өзі тоқтатты, бапкері алаң ортасына ормал лақтырды. Ұпаймен жеңіп көруді қаламайтын Левти кезекті нокаутқа қол жеткізді.
«Астана арландары» келесі кездесуін 21 наурызда Шымкентте «Баку оттарымен» өткізеді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: