Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордалық өрендер ересектермен сынға түседі

Қызылордалық өрендер ересектермен сынға түседіЖақында Мәскеу қаласында шахматтан ересектер арасында «Moscow Open-2015» халықаралық кубогы болып өтті. Он бірінші мәрте ұйымдастырылған  турнирде 30 елден 1500 - ден аса  спортшы бақ сынады. Жарыс швейцар жүйесі бойынша 9 турда өткізілді. 
Аталмыш  турнирде облысымыздан шахматтан спорт шеберіне үміткерлер Әсел Серікбай, Назерке Нұрғали және Самал Әбдуәли секілді шахматшы қыздарымыз тәжірибе жинақтап, шеберліктерін шыңдап келді. Айта кетейік, жасөспірімдер арасында сынға түсіп жүрген  қыздар бірінші рет ересектер арасындағы жарысқа қатысып,  ҚР спорт шеберлері және халықаралық дәрежедегі спорт шеберлермен бәсекелесе алды. 
Биылдан бастап шахматшылар ересектер арасында өтетін Қазақстан чемпионаттарында ойын көрсететін болады. Сондай-ақ, қазіргі таңда облыс құрама командасы наурыз айында Қызылорда қаласында болатын жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатына дайындалуда. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: