Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Байқоңыр" "Қыранға" есе жіберді

Үстіміздегі жылы футболдан бірінші лигада бақ сынайтын командалар қатарына қосылған Қызылорданың "Байқоңыр" командасы біріншіліктің алғашқы турындағы кездесуін сырт алаңда Шымкенттің "Қыран" клубына қарсы өткізді.

 

"Қыран" бірнеше жылдан бері доп додасында сынға түсіп келеді. Өткен жылы екінші орын алып, Премьер-лигаға берілетін жолдаманы "Таразбен" бірге сарапқа салды. Дегенмен, оларға сәттілік жетіспей, жолдамадан құр қалған еді. Сондықтан "Байқоңырға" бұл командамен терезесі тең ойын көрсету оңайға түспегені анық. 
Алғашқы кезеңде ойын нәтижесі 1:1 болды. Бұл ойында алаң иелері сапынан Фильчаков қос голдың авторы атанса, "Байқоңырдан" Бағдат Исмаилов бір голды өзінің еншісіне жазды. Нәтижесінде "Қыран" 2:1 есебімен жеңіске жетті. 
Осы турдағы өзге ойын нәтижелері төмендегіше: Бәйтерек – Спартак 0:5, Каспий – Қызылжар 0:0, Мақтарал – Лашын 1:0, Екібастұз – Восток 2:3, Болат – Ақжайық 3:1. 
Келесі тур 18-19 сәуірде ойналады. 18 сәуірде Байқоңыр – ЦСКА, Восток – Мақтарал, Ақжайық – Екібастұз, Лашын – Бәйтерек, Қызылжар – Қыран командалары кездеседі. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: