Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ БАЛУАНДАР ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ БАЛУАНДАР ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ Тараз қаласында 14-17 қаңтар аралығында ересектер арасында күрес түрлерінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Дүбірлі бәсекеденҚызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары жүлделі оралды. Атап айтсақ, еркін күрестен 74 келі салмақта өнер көрсеткен Ғалымжан Өсербаев Қазақстан жеңімпазы атанса, 57 келі салмақта Марғұлан Жүсіпов қола жүлдені иеленді. 
Грек-рим күресінен 130 келі салмақта сынға түскен Есенгелді Жалғасбаев 2-орынды жеңіп алды. Ал әйелдер күресінен облыстық олимпиадалық резерв даярлау орталығында тәлім алатын Әзиза Тұрмағанбет 75 келіде 3-орынға ие болды. 
Ел намысын қорғаған спортшыларды спортқа баулуда ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылары Әбутәліп Амановпен Виктор Юн және жаттықтырушы Еламан Мұратов дайындады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: