Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордалық теннисшілер жүлделі оралды

Қызылордалық теннисшілер жүлделі оралдыШығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында теннистен 10-12 жас аралығында жасөспірімдер арасында «Oskemen open» атты республикалық турнир өтті. Алты облыстың мықты спортшылары қатысқан жарыста жерлестеріміз 3 медальді иеленіп келді.
Мәселен, 12 жасқа дейінгі ұлдар арасында сынға түскен Бикет Төрәлиев пен Максим Гражданкин жұптық ойында қола жүлдені еншіледі. 10 жасқа дейінгі қыздар арасында Диана Төлешова микст бойынша және жекелей сында да өнер көрсетіп, 2 қола жүлдені қоржынға салды.
Қызылорда облысының «Нұрсәт» теннис орталығында тәлім алатын спортшыларды жарысқа Ерлан Өмірзақов пен Дмитрий Денисеня дайындады.
Жерлестеріміз үстіміздегі жылғы 14-19 қыркүйек аралығында Астана қаласында болатын «Астана Мастерс» турнирінде облысымыздың намысын қорғайтын болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: