Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖҮЛДЕСІ ҮШІН ШАҒЫН ФУТБОЛ БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖҮЛДЕСІ ҮШІН ШАҒЫН ФУТБОЛ БІРІНШІЛІГІ ӨТТІКеше аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен шағын футболдан аудан әкімінің жүлдесі үшін «Есірткі-Зұлым» атты ұранмен мектеп оқушылар арасында аудан біріншілігі өтті. 
Ала доп бәйгесіне мектеп оқушыларынан жасақталған 31 команда қатысып тартысты ойын өрнегін көрсетті. Қорытынды бойынша 5-6 сыныптар арасында: I-орынды №83 мектеп командасы,II-орынды №63 мектеп командасы,III-орынды №57 мектеп командасы жеңіп алды. Ал,7-8 сыныптар арасындағы бәсекеде I-орын №63 мектеп командасының, II-орын №200 мектеп командасының және жүлделі III-орынды №66 мектеп командасының еншісіне бұйырды. Сондай-ақ 9 сынып бен 10 сыныптар арасындағы додада I-орынды № 263 мектеп командасы,II-орынды №220 мектеп командасы, III-орынды №87 мектеп командасы иеленді.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерді аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы кубок, медаль және алғыс хатымен марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: