Сырдария ауданы Бесарық ауылындағы №147 орта мектебінің оқушысы Жанерке Қуанышова Гонконгте өткен Азия чемпионатында жүлдегер қатарынан көрінді.
Сарықұрлықтың 22 елінен жиналған дзюдо күресінің хас шеберлері бас қосқан жарыста ол қазақ елінің көк байрағын алып шығу құрметіне ие болды. Дүбірлі додадан құр қол қайтқан жоқ. Қола жүлдегер атанды.
– Бүгінде дзюдо күресіне 60-қа жуық ауыл жастары қатысады. Шыдамдылық пен төзімділікті талап ететін спорттың бұл түрі елжанды азамат Абзал Ералиевтің қолдауымен жылдан-жылға құлашын кеңге жайып дамып келеді. Осы ауылдың өзінде халықаралық дәрежеде турнир өткізуге жол ашылғанын, спорттағы жетістіктермен спортшыға қойылатын талаптар туралы жаттықтырушы Қанат Байзілдаев кеңінен айтып өтті.
Жанерке үстіміздегі жылдың тамыз айында өтетін әлем чемпионатына қатысады.