Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Қайсар" 2015 жылы жүлдеге таласпақ

"Қайсар" 2015 жылы жүлдеге таласпақ"Қайсар" командасы келесі жылы жүлдеге таласатын болады. Бүгін Қызылорда қаласындағы Н.Бекежанов атындағы драма театрында футбол маусымының жабылуына орай өткен шара барысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев команда алдына осындай мақсат қойды.
Облыс әкімі биыл команданың жанкүйердің көңілінен шығарлық деңгейде ойын көрсеткенін атап өтті. Бастысы, алдына қойылған мақсатта орындай білді. Ендігі кезекте бұдан да жоғары жетістікке қол созуға күш салынбақ. 
Сондай-ақ, шара барысында облыс әкімінің орынбасары, облыстық футбол федерациясының басшысы Нұржан Әлібаев команданың инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 3 мың адамдық жабық футбол манежін салу ісі қолға алынатынын жеткізді. Қазір аталмыш құрылыс жобасы толық аяқталған. Тағы бір айта кетерлігі, үстіміздегі жылы команданың базасы күрделі жөндеуден өткізілді. 
"Қайсар" биыл 32 ойын өткізді. Онда өз есебінде 10 жеңіс, 13 тең ойын, 9 жеңіліс тіркелді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: