Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қайрат Нұрдәулетов "Қайсарға" келе ме?

Қайрат Нұрдәулетов "Қайсарға" келе ме?Бізге белгілі болғанындай, "Қайсардың" Түркиядағы оқу-жаттығуына белгілі футболшы Қайрат Нұрдәулетов те шақыру алды. Ол былтыр "Астана" командасында ойын көрсеткен еді.
Қ.Нұрдәулетов 1982 жылы 6 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы футбол мектебінің түлегі. Кәсіби футбол карьерасын 1999 жылы ЦСКА-Қайрат командасында бастаған. Одан кейінгі жылдарда Петропавлдың "Есіл-Богатырь" (2001), Павлодардың "Ертіс" (2002-2004), Алматының "Қайрат" (2005-2006, 2010), Қостаанйдың "Тобыл", Астананың "Локомотив/Астана" командаларында ойнаған. 2003 жылдан бері Қазақстанның ұлттық құрамасында ойын көрсетіп келеді. Мамандардың айтуынша, Қ.Нұрдәулетов жартылай қорғаныс және қорғаныс шебінде жақсы ойнайды. Сондай-ақ, әуелей келген допқа таласта шеберлігі жоғары екенін дәлелдеп жүр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: