Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қазалының үздіктері Үндістанда үмітті ақтады

Қазалының үздіктері Үндістанда үмітті ақтадыҮстіміздегі жылдың 10-15 маусым аралығында Үндістанның Нью-Дели қаласында грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатына облысымыздан екі спортшы аттанып, екеуі де жүлделі оралды. 
№17 Қазалы ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Бағдат Үсенов 76 келі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанды. Жалаңтөс Баһадүр атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат оқушысы Нұрбақыт Әзілхан 42 келіде чемпионаттың қола жүлдесін иеленді. Қос спортшы да Қазалы ауданында дүниеге келген. 
Айта кетерлігі, Бағдат пен Нұрбақыттың бұл халықаралық жарыстағы алғашқы жетістігі. 
Ел намысын ту еткен өрендерді спортқа баулып, олардың өнерін шыңдай түскен Қанат Көбегенов пен Тұңғышбай Дербісәлиевтің еңбегін баса айтуға тиіспіз.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: