Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қазақстан – Түркия. Жасыл алаңдағы тартыс

Қазақстан – Түркия. Жасыл алаңдағы тартысҮстіміздегі жылдың 12 маусымы күні Алматының Орталық стадионында 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу матчы өтеді. Қазақстан Ұлттық құрамасының қарсыласы – Түркия құрамасы. 
Қазақстан футбол федерациясының хабаралуынша, қарсылас таныс болғанымен, өте қиын.  Қазақстан мен Түркия құрамалары Еуропа және Әлем чемпионаттарының іріктеу турнирлерінде бес рет кездесті. Соңғы ойын өткен жылдың 16 қарашасында Стамбулда өтті. Сол кездесуе Юрий Красножан шәкірттері 1:3 есебімен жол берді. Біздің құраманың сапында тәжірибелі Самат Смақов пенальтиді мүлтіксіз орындады.  Қарсыластар қатарында Бурак Йылмаз екі рет көзге түссе, Сердар Әзиз бір голды еншісіне жазды. Алматыда өтетін алдағы ойында Қазақстан құрамасы түрік футболшыларына қарсы сәтті ойын көрсетуге ниетті.
Биылғы іріктеу турнирі Фатих Терим шәкірттері үшін сәтсіз басталды. Алғашқы ойында Исландия құрамасынан 0:3 есебімен ойсырай ұтылды. Келесі матчты өз алаңында өткізгенімен, оң нәтижеге қол жеткізе алмады. Бұл жолы түрік футболшылары Чехия құрамасына 1:2 есебімен есе жіберді. Түркия құрамасы алғашқы ұпайына тек Латвия қфутболшыларымен өткізген ойында қол жеткізді.  Ригада тіркелген 1:1 есебі түрік жанкүйерлерін қуанта қойған жоқ. Түрік футболшылары Қазақстан құрамасымен өткізген кездесуде іріктеу кезеңіндегі алғашқы жеңісіне жетті. Кейін Нидерланд құрамасымен тең түсті. Бұл ойыннан кейін  Фатих Терим өз шәкірттерінің ойын сапасына көңілі тола бастады.
- Нидерланд құрамасымен сырт алаңда ойын өткізу қиын. Өйткені, олар ең мықты командалардың бірі. Алайда, біз жақсы ойын көрсеттік, мен өз командаммен мақтанамын. Маған ойын ұнады. Голландия футболшыларына қарсы өз алаңымызда да, сырт алаңда да ойнау қиын. Бірақ мені футболшыларым ерекше ойын өрнегін көрсетіп, қарсыластардың қауіпті сәттер ұйымдастыруына мүмкіндік бермеді.  

Біз әрі қарай да жұмыс істеуіміз керек. Жетілуіміз қажет.  Бүгін ұжымдық футбол көрсете білдік. Соңғы минутта тепе-теңдікті сақтай алмасаң, Голландия футболшылары жазалауға дайын тұрады. Біз жаңа әдіспен ойнауға талпындық және жасыл алаңдағы командамның ойынына көңілім толды, - деп сол ойыннан кейін Фатих Терим  мәлімдеді.
Қазірші уақытта Түркия құрамасының бес ұпайы бар және олар Чехия, Исландия және Нидерланд құрамаларын алға жіберіп, төртінші орында тұр. Айта кету керек, әрбір келесі ойыннан кейін Фатих Терим қызметінен кетуі де мүмкін. Өйткені, ұпай түгендей алмаса, оны кешірмеуі мүмкін. Ойыншылар мен жаттықтырушылар арасындағы кикілжіңнің жиі болуы да Түркия құрамасының міндетін қиындата түсуде.  Алайда, Фатих Терим көшбасшылық қасиетінің арқасында кез келген сәтте ойыншыны жігерлендіре алады.
Ал, Қазақстан құрамасы ұйымшыл. Мамандар Юрий Красножан шәкірттері осы қасиетінің арқасында түрік футболшыларына қарсы тұра алады деп санайды. Финалдық ысқырыққа дейін тепе-теңдікті сақтап, әр ойыншының алаңда бар күшін салып, командалық ойын көрсетуі арқылы Түркия құрамасымен өтетін матчта оң нәтижеге қол жеткізуге болады.
Осы аптада Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножан Түркия және Кабо-Верде құрамаларымен өткізетін ойынға шақырылған футболшылардың кеңейтілген тізімін жариялады.
Жарақатынан айырылған Жамбыл Көкеев қайта оралды. Ұлттық құрама жейдесінде алаңға шығуға Александр Меркель де үмітті. 11 жыл үзілістен кейін шабуылшы Әлібек Бөлешев те қайта алаңға шығуға мүмкіндік алды. 8 маусым күні команда Талғарда жиналып, алдағы ойындарға дайындықты жүргізеді.  
Қазақстан мен Түркия матчы қалай аяқталатынын белгісіз. Алайда, жасыл алаңда нағыз тартыс болатыны белгілі. Екі командаға да ұпай ауадай қажет. Турнир кестесін жақсартуға екі елдің футболшылары да ұмтылады.
Қақпашылар: Бойченко С. (Ордабасы), Плотников В. (Қайрат), Покатилов С. (Ақтөбе), Сидельников А. (Ордабасы), Цирин А. (Оқжетпес), Эрич Н. (Астана)
Қорғаушылар: Абдулин Р. (Ордабасы), Ахметов Э. (Астана), Бейсебеков А. (Астана), Воротников И. (Тараз), Гурман М. (Қайрат), Қуантаев Е. (Қайрат), Логвиненко Ю. (Ақтөбе), Малый С. (Ордабасы), Мирошниченко Д. (Ақтөбе), Сүйімбаев Г. (Ордабасы), Шомко д. (Астана), Энгель К. (Ингольштадт)
Жартылай қорғаушылар: Дарабаев А. (Қайрат), Жолшиев Б. (Астана), Досмағамбетов Т. (Тараз), Жуков Г. (Астана), Исламхан Б. (Қайрат), Қожамберді Ж. (Тараз), Қонысбаев У. (Астана), Қуат И. (Қайрат), Көкеев Ж. (Қайрат), Лунин С. (Қайрат), Меркель А. (Грасхоппер), Мухутдинов Э. (Тараз), Нұрғалиев А. (Ордабасы), Смақов С. (Ертіс), Тағыберген А. (Ақтөбе)
Шабуылшылар: Бөлешев А. (Оқжетпес), Жаңғылышбай Т. (Астана), Нөсербаев Т. (Астана), Хижниченко С. (Ақтөбе), Щеткин А. (Астана)
Еске сала кетейік, 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан мен Түркия кездесуі 12 маусым күні Алматының Орталық стадионында өтеді.
Кабо-Верде құрамасымен жолдастық матч Алматының Орталық стадионында 16 маусымға жоспарланған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: