Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Ұлттық спортымызды Түрік телеарнасы насихаттамақ

Ұлттық спортымызды Түрік телеарнасы насихаттамақТүркияның әйгілі TRT-AVAZ телеарнасы директорының орынбасары Мұрат Акош пен ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының атқарушы директоры Ерлен Оспанов кездесіп, қазақтың ұлттық спортын түркітілдес бауырларымыздың арасында кеңінен насихаттау туралы әңгіме өрбітті, деп хабарлайды Қазспорт Ұлттық спорт түрлері қауымдастығына сілтеме жасап.
TRT-AVAZ — қоғамдық телеарна. 8 мемлекетке хабар тарататын телеарна Әзірбайжан, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Қазақстан секілді бауырлас елдердің ұлттық өнерін, дәстүрін, деректі фильмдері мен музыкалық бағдарламаларын көрерменге түрік тілдінде ұсынады.
Мұрат Акош өз телеарналарының техникалық мүмкіншіліктері ұлттық спортты жан-жақты және толық насихаттауға жеткілікті екенін айтып, көрермендер арасында көшпелілердің дәстүрлі өнеріне деген қызығушылықтың жоғары екенін жеткізді.
Мұрат Акош пен Ерлен Оспан дәстүрлі спортты, соның ішінде көкпарды дамыту жоғары деңгейдегі насихат пен қамқорлықты қажет ететінін сөз етіп, алда бірлесіп жұмыстар жасауға уағдаласты.
Әсіресе, келесі жылы Түркияда өтетін ІІ Көкпардан ашық Азия чемпионатын алдын ала насихатату, жарыстарды тікелей эфирде көрсету секілді маңызды мәселелерде келісімдерге келді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: