Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қармақшыда "Жас барысқа" дайындық жүргізуде

Қармақшыда "Жас барысқа" дайындық жүргізудеҮстіміздегі жылдың 16-30 қазан аралығында Жосалы кентінде қазақ күресінен IV "Жас барыс" республикалық турниріне дайындық мақсатында оқу-жаттығу жиыны өтуде. 
Республикалық турнир кіші жасөспірімдер, жасөспірімдер жəне жастар арасында 24 салмақ дəрежесінде ағымдағы жылдың 4-7 қараша аралығында Орал қаласында өтеді. Оқу-жаттығу жиынының негізгі мақсаты турнирде жоғары жетістіктерге қол жеткізу болып табылады. Жаттығу жиынына облысымыздың барлық аудандарынан 70-ке жуық жас палуандар шеберлігін шыңдауда. Оқу-жаттығу жиыны Қармакшы ауданында өту себебі қазіргі таңда облыс намысын байрақты бəсекелерді осы аудан спортшылары абыроймен қорғап келеді. Олар Бауыржан Райсов, Ерлан Жақсыбеков, Ғалымжан Абдрахманов, Нұрым Сəлімгереев, Айбек Серікбаев, Марат Баймаханов жоғары жетістіктерге жетті. 
Турнирдің негізгі мақсаты "Қазақ барысы" жобасына ізбасарлар дайындау болып табылады. Жаттығу жиыны облыстың аға жаттықтырушысы Берік Қалымбековтың жəне ҚР еңбек сіңген жаттықтырушысы Əділбек Серікбаевтың жетекшілігімен өтуде. Жаттығу жиыны Қармақшы ауданы "Қазақ күресі" федерациясы Президенті Нұрлан Іздібаев демеушілік жасап, қолдау көрсетіп отыр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: