Садық Мұстафаев Моңғолияның медалімен марапатталды
Қазақстан мен Моңғолия елдері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуда, қазақ халқының ұлттық спорт түрлерін насихаттауда екі мемлекет спортшылары дүбірлі додаларда белсенділік танытып келеді. Осы орайда, Моңғолия елінің олимпиадалық спорт комитетінің шешімімен аймақта ұлттық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев Моңғолия елінің "Алтын ордені" медалімен марапатталды.
10 жылдан бері Сыр спорты саласында тынымсыз еңбек етіп, көп белестерден өткен жігерлі де, қайратты, енбекке адал, мақсатка берік, өңір спортын шебер басқарып жүрген білікті басшы Садық Шоңмұрынұлын марапатымен спорт басқармасының ұжымы құттықтайды!
Әрқашан осы қалпыңыздан таймай, әлі де талай асулардан аса беріңіз. Сізге зор денсаулық, жұмыста табыс, отбасында амандық тілейміз.