Қазақстан жастар құрамасының жаңа шақырылымы толық құрамда Талғардағы базада жиналды.
Команданың аға бапкері Саулюс Ширмялис оқу-жаттығу жиынына шақырту алған 30 футболшының есімін жариялады. Бірақ Кәсіпқой футбол лигасының финалына қатысқандықтан отыз ойыншының сегізі базаға бүгін таңертең ғана жетті. Өзгелері Талғарда 11 қарашадан бастап жүр. Ойыншылар тереңдетілген медициналық тексерістен өтіп қойған. Жалпы, жиын қарашаның 17-сіне дейін жалғасады.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасының тізімі:
Қақпашылар: Станислав Павлов («Ақтөбе»), Александр Удалов («Ақжайық»), Владимир Грошев («Қайрат»), Абылайхан Дүйсен («Ордабасы»)
Қорғаушылар: Григорий Сартаков («Ертіс»), Темірлан Әділханов («Жетісу»), Рафкат Аслан («Тобыл»), Тимур Рудосельский, Қасымжан Тайыпов, Ернар Қыдырәлі (бәрі де - «Қайрат»), Берік Шаихов («Жетісу»), Дмитрий Рыбалко («Оқжетпес»), Сергей Кейлер («Қызылжар»), Ислам Шадукаев, Арген Манекеев (екеуі де – «Бәйтерек»), Олег Лебедев («Оқжетпес»)
Жартылай қорғаушылар: Абат Айымбетов («Ақтөбе»), Магамед Узденов, Иван Антипов (екеуі де - «Ақжайық»), Рауль Джалилов («Тобыл»), Әнуар Жағыппар, Арман Нүсіп, Ойбек Балтабаев (бәрі де – «Қайрат»), Данияр Нүкебай («Оқжетпес»)
Шабуылшылар: Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы»), Рауан Сариев («Жетісу»), Әлішер Сүлей («Тобыл»), Алексей Родионов («Атырау»), Александр Богданов («Восток»), Максим Федин («Бәйтерек»)
Резерв: жартылай қорғаушы Алексей Маров («Атырау»), жартылай қорғаушы Абай Жүнісов («Бәйтерек»), шабуылшы Темірлан Елмырзаев («Тобыл»)
Бапкерлер алқасы:
Саулюс Ширмялис – аға бапкер
Йозеф Шкрлик – аға бапкердің көмекшісі
Андрей Ферапонтов – аға бапкердің көмекшісі
Игорь Кулиш – қақпашылар бапкері
Александр Киселев – дәрігер
Қайратәлі Күнқожаев – массажшы
Кирилл Черненко – әкімші
Сергей Андрейко - менеджер