Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Жасанды интеллект институтында оқытушыларға арналған жазғы мектеп өтті. Біліктілік арттыру курсын білім ордасының Біліктілік арттыру орталығы ұйымдастырды.
Басқарма мүшесі, ІТ және стратегиялық жоспарлау жөніндегі проректор Махмуд Томанов, Жасанды интеллект институтының директоры Нұрлан Құлмырзаев және IT мамандар жазғы мектепті жүргізді.
Оқытушылардың біліктілігін арттыру мақсатында «Жасанды интеллект арқылы оқыту әдістерін дамыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды. Курстың алғашқы күнін Microsoft АҚ-ның ТМД елдерінде білім беруді дамыту бөлімінің басшысы Данияр Жұмабеков арнайы шақырылып, «Қорқыт Ата университетіндегі цифрлық трансформация: Microsoft AI арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол ашыңыз» тақырыбында семинар өткізді.
Курс мақсаты – жасанды интеллект негізгі ұғымдарымен және әдістерімен таныстыру, білім беруде AI қолданудың этикалық аспектілерін зерттеу, оқу үдерісін жақсарту үшін AI агенттері мен деректерді талдау құралдарын пайдалану дағдыларын дамыту.
Білім ордасының 200-ге жуық профессор-оқытушылары 72 сағат бойы теориялық және практикалық білім алып, AI негізгі түсініктері мен әдістері, машиналық оқыту, тереңдетіп оқыту, табиғи тілді өңдеу, компьютерлік көру және генеративті AI-ды білім беру үдерісінде қолдану әдістерін меңгерді.
Өзіндік жұмыс сағатында хаттарды құрастыру, халықаралық серіктестерді іздеу, хаттар мен өтінімдерді дайындауды автоматтандыру, мақсатты бағдарламалық қаржыландыру әзірлеу және AI-агентті пайдалану жобасын әзірлеу дағдыларын үйренді. Курс ұйымдастырушылары ЖИ навигатор 1.0 әдістемелік құралын осы жазғы мектеп барысында қатысушыларға пайдалану үшін табыс етті.
Курс соңында Басқарма мүшесі-Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Дана Абдрашева барлық қатысушыларға сертификат табыстады. Жасанды интеллект бойынша біліктілікті арттыру курстары алдағы уақытта да өткізіліп тұрады.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті- Қазақстандағыдағы жоғары дәрежелі білім мекемесі. Бұл - заманауи университетте білім беріліп қана қоймайды, зерттеу жұмыстары да қатар жүргізіліп, теория мен тәжірибе ұштастырылып, ұшқыр уақыттың талабы тастүйін орындалуы басты мақсатқа айналған.
Жасанды интеллект институтына, жарқын болашағыңызға кепіл бола алатын, халықаралық деңгейдегі жоғары білім алуға шақырады.
«Бұл жерде сіздерге - Қазақстанның мықты ғалымдары, рейтінгісі жоғары шетелдік профессор-оқытушылары, аймақтың өндірістен келген практик мамандары, компания басшыларынан тәлім береді. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімді жалғастыру үшін басқа университеттерден келген мемлекеттік аттестаттау комиссиялары біздің бітіруші түлектерді өздеріне шақырады. Бұл біздің сапалы кадр дайындаудағы саясаттымыздың оң нәтижесі деп білеміз. Білім ала отырып, студентеріміз халықаралық дәрежедегі ғылыми олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындардан көрінеді. Университет қабырғасында жүріп академиялық ұтқырлық арқылы шет елде де оқуға мүмкіншілік бар. Жасанды интеллект институтының студенттердің өзін өзі басқару жүйесі - Сіздерге уақытыңызды бос өткізбеуге тиімділік береді. Институтта мәдени және спорттық дәстүрлі іс шараларының ауқымы кең» дейді оқытушылар.