Шымкент қаласында грек-рим күресінен 1999-2000 жылдарда дүниеге келген жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті.
Жарыста қазалылық Еламан Аюп 85 келі салмақта күміс жүлдені иеленіп, маусым айында Тайпейде (Қытай) өтетін Азия чемпионатына жолдама алды. Жалаңтөс Баһадүр атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп интернат спортшысы Ғалымбек Нұрғали 69 келі салмақта қола жүлдені еншіледі. Спортшыларды жарысқа Қанат Көбегенов және Нұрталап Лекеров дайындады.