«Генгам» - «Динамо» матчына Артем Кучин қазылық етеді
UEFA еуропалық кубок турнирінің кезекті ойындарына төрешілерді тағайындады. Қазақстандық төрешілер бригадасы «Генгам» (Франция) мен «Динамо Минск» (Беларусь) ойынына қазылық ететін болды, деп хабарлайды Қазспорт.
Бас төреші - Артем Кучин. Оның көмекшілері - Евгений Бельский, Анатолий Ходин, Сергей Васютин, Александр Гаузер және Александр Алиев.
Ал, матч инспекторы - Пол Аллертс (Бельгия), UEFA делегаты - Пауль Крэхенбюль (Швейцария).
Бұл ойын бейсенбі, 6 қараша күні Еуропа Лигасының топтық кезеңінің төртінші туры аясында өтеді.
Айта кетейік, 23 қазан күні Борисовте өткен үшінші тур ойынында «Динамо» мен «Генгам» 0:0 есебімен тең түсті. Бұл топтағы бірінші айналымнан кейін италиялық «Фиорентина» 9 ұпаймен топ бастап келеді. «Генгам» - 4 , ПАОК (Грекия) - 3, «Динамо» 1 ұпай иеленген.