Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ҚАРМАҚШЫДА СПОРТШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ҚАРМАҚШЫДА СПОРТШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІСпорт күніне орай Қармақшы ауданының әкімі С.Мақашов бір топ спортшылармен және сала ардагерлерімен кездесті. 
Жиында сөз сөйлеген аудан басшысы мереке иелерін атаулы мерекесімен құттықтады.
– Елбасымыз елімізде спорттың дамуына баса назар аударып келеді. Соның нәтижесінде, спортпен айналысамын деген адамға барлық жағдай жасалып, дүниежүзілік додаларда көк туымыз жеңіс тұғырынан түскен емес, – деді ол. 
Осыдан кейін үздік нәтиже көрсеткен спортшылар мен бапкерлерді аудан әкімінің және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының алғыс хатымен марапаттады. Сондай ақ байрақты бәсеке, дүбірлі додада топ жарып, ел мерейін асырған спортшыларға «Халықаралық дәрежедегі», және «Қазақстан Республикасының спорт шебері» куәліктерін және ақшалай сертификат табыстады. 
Айта кетейік ауданда салауатты өмір салтын насихаттап, жастарды спортқа тарту мақсатында жыл басынан бері 53 спорттық жарыс өткізіліп, 6 мыңнан астам адам қатысты. Спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны – 13539 адамға жетіп, аудан халқының 25,6 пайызын құрады. Жыл көлемінде аудан спортшылары спорт түрлерінен жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен Кубоктарында 10-алтын, 4-күміс, 9-қола медальды иеленсе, Азия чемпионатында 1-алтын және 1-күміс медальді иеленді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: