Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ҚАРМАҚШЫДА ЗАЙЧИКОВКЕ ҚОБЫЗ ТАРТУ ЕТІЛДІ

ҚАРМАҚШЫДА ЗАЙЧИКОВКЕ ҚОБЫЗ ТАРТУ ЕТІЛДІ

 

Рио-де-Жанейро қаласында өткен XXXI жазғы Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан қола жүлдегер атанған жерлесіміз Александр Зайчиков Қармақшы жұртшылығымен кездесті. 
Ел мерейін асырған Сырдың сары баласын Қармақшы халқы зор қошеметпен күтіп алды. Аудандық мәдениет үйінде өткен салтанатты жиында аудан әкімі Сұлтан  Мақашов Сыр толағайын құттықтап, қаржылай сертификат пен естелікке қобыз мүсінін тарту етсе, аламан бәйгеге қосқан бапкерінің иығына шапан жапты. Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Александр Зайчиков өзін құрметпен қарсы алғаны үшін қармақшылықтарға алғысын айтып, алдағы уақытта да ел намысын абыроймен қорғауға дайын екендігін білдірді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: