Қызылорда қаласында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған ҚР жазғы спартакиадасы аясында гандболдан қыздар арасында жарыс басталды. Оған Алматы қаласы, Алматы, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарынан 7 команда 112 спортшы қатысуда.
Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев облыста 30 топта 500-ге жуық спортшы гандболмен айналысатынын, гандболды дамыту мақсатында республика бойынша тек Қызылордада ғана облыстық біріншіліктің өтетінін айтып өтті.
Жарыс екі топқа бөлініп өтуде. Бірінші топта Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары, ал екінші топта Алматы қаласы, Алматы, Ақтөбе және Павлодар облыстары. Төрт жылда бір рет өтетін гандбол бәсекесінің қорытындысы 27 маусым күні белгілі болады.
Жарыстың бірінші күнгі ойындар нәтижесі төмендегідей:
Алматы қаласы - Ақтөбе облысы (42:15)
Алматы облысы – Павлодар облысы (37:26)
Қызылорда облысы – Оңтүстік Қазақстан облысы (39:16).
Бүгін ойындар сағат 16.00-де басталады. Кездесетін командалар: Ақтөбе-Алматы, Павлодар-Алматы қ. Оңтүстік Қазақстан-Шығыс Қазақстан облыстары.