Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қазақстандық банк «Арсенал» клубының серіктесі атанды

Қазақстандық банк «Арсенал» клубының серіктесі атандыҮш жылдық әріптестік арқылы «Арсенал» клубы Қазақстандағы жанкүйерлеріне жақындайды. Келісімшарт бойынша «Capital Bank» ағылшындық клубқа нәсиелік және дебиттік карталар жасау, клубтың ресми нышандары мен өз алаңындағы ойындар барысында билеттерді сату сияқыты көп салада әріптестік көмек көрсетеді. Бұл жайында "Қазспорт" телеарнасы хабарлайды.
Сонымен қатар, «Арсенал» бапкерлері жыл сайын Қазақстанға келіп, оқыту курстарын өткізеді.
«Арсенал» клубының коммерциялық директоры Венай Венкатешам:
Біз осы келісімшартқа қол қойғанымызға қуаныштымыз. Сонымен қатар, Ағылшын Премьер-Лигасындағы командалар арасында Қазақстанмен әріптестік орнатқан алғашқы клуб болғанымызды мақтан тұтамыз.
«Capital Bank Kazakhstan» банкінің бас атқарушы директоры Ғани Өзбеков:
«Арсенал» сияқты танымал командамен әріптестік орнату – біз үшін мәртебе. Біз өзіміздің клиенттерімізге кәсіби банк қыметін көрсетіп қоймай, «Emirates Stadium» мен «Арсенал» футбол клубының атмосферасын сезінуге мүмкіндік береміз.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: