Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ҚАЗАҚСТАН ФУТЗАЛ ҚҰРАМАСЫ ТҰҢҒЫШ ЖЕҢІСІНЕ ЖЕТТІ (ВИДЕО)

 

Колумбияда өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы турнир кестесіндегі жағдайын біршама жақсартып алды. Е тобында сынға түсіп жатқан біздің жігіттер өзінің екінші кездесуінде Коста-Риканы тізе бүктірді. Есеп 3:1.
Бас бапкер Какау алаңдағы ойынды Игита, Лео, Довгань, Першин, Дуглас, Гуров, Кнауб, Нұрғожин, Гребонос, Пенгрин, Сүлейменов, Есенаманов, Таку, Мун секілді спортшыларға сеніп тапсырды.
Құрамамыз алғашқы добын бірінші минутта-ақ соғып үлгерді. Бұл гол Дугластың еншісіне жазылды. Коста-Рика сапынан 15 минутта Алехандро Паньягуа таразы басын теңестірді. Бірінші кезең аяқталуға жақын қалғанда біздің командадан Павел Таку гол соғып, жеңісті жақындата түсті. Екінші кезеңнің ортан белінде Лео қорытынды есепті белгіледі. Осының нәтижесінде олар өзінің тарихында тұңғыш мәрте әлем чемпионатының финалдық кезеңінде жеңіске жетті. 
Қазақстан құрамасы 2000 жылы да осындай дүбірлі дода дәм-тұзын татып қайтқан еді. Дегенмен, ол кезеңде бірде-бір ойында ұпай алуға қолы қысқалық етті. Сол кезде Бразилиядан 1:12, Гватемаладан 5:6, Португалиядан 2:6 есебімен жеңіліп қалған еді.
Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын біздің жігіттер Аргентина құрамасына 0:1 есебімен жол берген еді. Екінші турда Аргентина Соломон аралдарын 7:3 есебімен жеңіп, жарыстың келесі сатысына шығатын жолдама тағдырын шешіп қойды. Екі турдың нәтижесі бойынша Е тобында Аргентина 6, Қазақстан мен Коста-Рика 3, Соломон аралдары 0 ұпай жинап тұр.
19 қыркүйекте күні Қазақстан мен Соломон аралдарының кездеседі.  Бұл ойыннан Астана уақытымен 03.00-де «Қазақстан» телеарнасында тікелей трансляция жүреді.

Коста-Рика - Қазақстан 1:3 (1:2)

Голдар: Дуглас 1 (0:1), Паньягуа 15 (1:1), Таку 16 (1:2), Лео 21 (1:3).



Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: