Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Құнан, тоқ және аламан бәйге жарыстары мәресіне жетті

Құнан, тоқ және аламан бәйге жарыстары мәресіне жеттіҚызылордада Ұлттық спорт түрлерінен 4-ші республикалық фестивальдің бағдарламасы бойынша құнан, топ және аламан бәйге жарыстары мәресіне жетті. 
Алғашқы жарыс – құнан бәйгеден өтіп, оған 21 ат қосылды. Екінші жарыс – топ бәйгеге 21, соңғысы аламан бәйгеге 22 шабандоз қатысты. 
Құнан бәйгеде Алматы облысының шабандозы Мейірбек Букебаев «Риана» деген атымен мәре сызығын бірінші болып кессе, қостанайлық Қуаныш Өтеген «Қара торғай» атымен екінші орынды иеленді. Үшінші орын – жамбылдық Ақиқат Мұратқанға бұйырды. 
Топ бәйгеде Қызылорда облысының шабандозы Диас Жеңіс «Ақтанау» атымен бас жүлдені иеленіп, оған жеңіл автокөліктің кілті табысталды. Екінші орынды Алматы облысының «Қарлығаш» деген тұлпары еншіледі. Ал қызылордалық Талғат Ғани «Тойбастар» атымен үшінші орынға ие болды. 
Аламан бәйгеде Маңғыстау облысының Нұрсат Тілектес тақымдаған «Джекпот» сәйгүлігі бас жүлдеге тігілген жеңіл автокөлікке ие болды. Екінші орынды оңтүстікқазақстандық Нұршахар Сәдуақас алса, ақтөбелік Еркін Тайұстар үшінші орынды қанағат тұтты. Топ, аламан бәйгелердің 2,3 орындарына және құнан бәйгенің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сертификаттар және медаль, дипломдар табысталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: