Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Қайсардың" сырт алаңдағы ойыны тікелей эфирде көрсетіледі

"Қайсардың" сырт алаңдағы ойыны тікелей эфирде көрсетіледі"Қазспорт" телеарнасы 21 наурызда өтетін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің 4 турында екі ойында тікелей эфирде жанкүйер назарына ұсынады.
Сол екі кездесудің бірі – Қызылорданың "Қайсар" мен Қарағандының "Шахтері" арасындағы матч. Бұл ойын Теміртау қаласындағы стадионда өткізіледі. Оның алдында телеарнада дәл осы уақытта басқа ойынды көрсету жоспарланған еді. Ол Көкшетаудың "Оқжетпесі" мен Талдықорғанның "Жетісу" командалары арасындағы кездесу болатын. Дегенмен бағдарламада осылайша өзгеріс  болды. 
Сондай-ақ, сағат 13.50-де "Қазспорт" телеарнасында "Тараз" бен Алматының "Қайраты" арасындағы ойын көрермен назарына ұсынылады. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: