Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Қайсар" – "Металлург" З 1:1 (ВИДЕО)

"Қайсар" – "Металлург" З 1:1 (ВИДЕО)Қызылорданың «Қайсары» Анталиядағы үшінші оқу-жаттығу жиының аясындағы алғашқы ойынын өткізді. Запорожьенің «Металлург» командасымен болған кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.
Өте тартысты өткен матчта екі команда да тамаша ойын өрнегін көрсетіп, жергілікті футболсүйер қауымға керемет әсер сыйлады. Есепті бірінші болып украиналықтар соққан. Дегенмен, жерлестеріміз таблодағы таразы басын теңестіре алды. Ал «Қайсар» сапында тура соққысымен көзге түскен Сергей Скорых. Естеріңізге сала кетейік, «Металлург» – Украинаның биылғы чемпионатында 11-орында келе жатқан команда.
Енді Дмитрий Огай шәкірттері өздерінің келесі ойындарын 1 ақпан күні Арменияның «Улисс» командасына қарсы өткізеді. Одан кейін ақпанның 5-і күні жерлестерімізді Донецкінің «Металлургі» күтіп тұр. Сондай-ақ, 8 ақпанда Болгарияның «Хасково» командасымен кездесеміз. Ал «Металлург З» үшін бұл осы оқу-жаттығу жиындарындағы соңғы жолдастық-бақылау кездесуі болатын.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: