Сербияның астанасы – Белград қаласында 20 мемлекет қатысқан халықаралық турнирде жерлесіміз Рустам Сваев 75 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынды иеленіп, турнирдің «Үздік боксшысы» атанды.
Жарыс барасында ол Шотландия, Норвегия және Сербия елдерінің спортшыларымен сынға түсіп, барлығын айқын басымдықпен жеңіп, ел намысын жоғары деңгейде қорғады. Қазақстаннан 6 спортшы қатысып, 4 алтын, 1 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Қалған орындарды Сербия және Молдова елдерінің спортшылары еншіледі.
Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын Рустамды ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғалым Байғұндиев дайындады. Рустам енді үстіміздегі жылдың мамыр айында Алматы облысының орталығы – Талдықорған қаласында болатын Қазақстан Республикасының 4-ші Спартакиадасына қатысады.