Таразда үстіміздегі жылдың 11-12 маусым күндері ҚР VIII жазғы Универсиада аясында каратэ-додан жарыс өтті. Қазақстанның 11 жоғары оқу орнының үздік каратэшілер жиналған жарыста жерлесіміз Мөлдір Жаңбырбай кумитэ бағдарламасы бойынша 50 келі салмақ дәрежесіне дейін бақ сынасып, Универсиада чемпионы атанды.
Ол жарыс барысында екі кездесу өткізіп, алғашқысында шымкенттік спортшыны 2:0 есебімен ұтса, финалда тараздық спортшыны 3:0 есебімен жеңді. Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын Мөлдір қазіргі таңда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 1-курс студенті. Ол үстіміздегі жылдың қазан айында Индонезияда каратэ-додан жастар арасында болатын Әлем чемпионатына дайындалады.