УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Елорданың «Астана» клубы сырт алаңда Хельски қаласының ХИК командасымен тең ойнады.
Бұл ойында өткен кездесулерге қатыспаған қақпашы Ненад Эрич өнер көрсетті. Сондай-ақ «Марибормен» болған кездесуде алаңнан қуылған Рохер Каньяс бұл матчқа қатыса алмады. Есесіне соңғы кездері құрамда қалып жүрген Фокси Кетевома бірінші минуттан алаңға шықты.
Екі команданың жанкүйелері де бұл ойында гол көре алмады. Кездесу 0:0 есебімен аяқталды. Енді, бір аптадан кейін қарымта кездесу Астанада өтеді. Барлық мәселе сол ойында шешіледі.