Қызылорда қаласындағы Жалаңтөс баһадүр көшесінің бойында орналасқан «Шұғыла» спорт кешенінің салтанатты ашылды.
Спорттық нысандар құрылысы да қарқын алды. Қызылорда қаласында құны 2 млрд 700 млн теңге болатын үстел теннисі орталығының құрылысы жүруде. Сырдарияның сол жағалауынан халықаралық стандарттарға сай, жабық бассейні бар көпсалалы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды, 10 мың орындық жаңа стадионның іргетасы қаланды. Былтыр 7 дене шынықтыру-сауықтыру кешені ел игілігіне табысталды, биыл аудандарда 15 кешенді қолданысқа береміз», – деді аймақ басшысы.
Спорт кешені 350 орындық, 1,7 млрд теңгеге салынған, жалпы ауданы – 2700 шаршы метр. Онда таэквондо, хореография, үстел теннисі, футбол, волейбол, баскетбол, қазақша күрес, шахмат, тоғызқұмалақ үйірмелері болады. Аумағында шағын футбол алаңы және автотұрақ бар.
Айта кетейік, биыл Сыр спортшылары әлемдік ареналарда өнер көрсетіп, облыс қоржынына 54 медаль салса, республикалық чемпионаттар мен кубоктардан 245 жүлде иеленді. Басты жетістік – Қамшыбек Қоңқабаев бокстан, Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен Париж олимпиадасына, отырып ойнау волейболынан қос бірдей спортшымыз Эрик Қасқабаев пен Шыңғыс Медеуов паралимпиадаға жолдама алды.
Президентіміздің, Үкіметтің қолдауының арқасында өңірлер арасында көшбасшылар қатарынан көрініп келеміз. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 12 300 орынға арналған 21 мектеп салынуда. Былтыр 10 мектептің құрылысы басталса, биыл тағы 11 мектептің құрылысы жүргізіледі. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өткен жылы елді мекендерде 15 жаңа дәрігерлік амбулатория, 1 медициналық бекет ел игілігіне табысталды.
Облысымызда 2023 жылы 13 спорт кешенінің (Қамыстыбас, Аманөткел, Пірімов, Түктібаев, Бесарық, Ақай, Ақсуат, Ақ жол ауылдық округтерінде Жақсықылыш, Жосалы, Жалағаш, Шиелі, Тасбөгет кенттерінде) құрылысы жүргізіліп, оның 9-ы қолданысқа берілді (Қамыстыбас, Аманөткел, Қазалы ауданы Пірімов, Түктібаев, Махамбет, Машбек ауылдары және Жосалы, Шиелі, Тасбөгет кенті).
Өтпелі 4 нысанның (Жақсықылыш, Бесарық, Ақай, Жалағаш) құрылыс жұмыстары жалғасуда. 2024 жылы аудандардан жалпы құны 4,7 млрд. теңгені құрайтын 10 кешеннің құрылысы жүргізілуде.
Ал Жаңа жол, ІІІ Интернационал ауылдарында құрылысы басталса, Қожабақы, Бекарыстан би, Шижаға, Келінтөбе ауылдары мен Әйтеке би, Шиелі кенттерінде енді іргетасы қаланады. Қазақстан Халқына қоры арқылы аңғар типтегі спорт кешендері - Аққыр, Ақтоған ауылдарында салынады.
2024 жылы Қызылорда қаласынан құны 20,9 млрд. теңгені құрайтын 10 мың орындық стадион, құны 2,7 млрд. теңгеге үстел теннисі орталығының құрылыстары қарқынды жүргізілуде («Samruk- Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды қолдау қорынан – 900,0 млн теңге).
Өңірдегі халықтың 1000 адамға шаққанда спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі өткен жылдың қорытындысымен 1490-ды құрап (12 стадион, 47 спорт кешені, 1 футбол манежі, 1 жеңіл атлетикалық манеж, 1 есу базасы, 12 ату тирі, 1 хоккей корты, 1390-жазықтық құрылғылар, 13 теннис корты, 3 ипподром, 9 жүзу бассейні), 44%-ға жетті.