Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Ұлттық құрама футболшылары жанкүйерлермен кездесті

«Мега Астана» ойын-сауық орталығында Қазақстан Ұлттық құрамасының футболшылары жанкүйерлермен суретке түсіп, қолтаңба қалдырды. Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Жанкүйерлермен кездесуге қақпашы Андрей Сидельников, қорғаушы Юрий Логвиненко, жартылай қорғаушы Самат Смақов пен Азат Нұрғалиев келді. 

Ұлттық құрама футболшылары жанкүйерлермен кездесті

 

Жүздесуге келген жанкүйерлер Қазақстан Ұлттық құрамасының футболшылармен суретке түсіп, қолтаңба алды, сонымен қатар естелік сыйлықтарға ие болды.  
- Жанкүйерлермен кездесу - бұл біздің мамандығымыздың бір бөлігі, - дейді Қазақстан Ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Самат Смақов. -  Біз оларға ұлттық құраманың өмірі мен ойынға дайындығы қызық екенін түсінеміз. 
28 наурыз күні Қазақстан өз алаңында Исландия құрамасын қабылдайды. Матч ЕУРО-2016 іріктеу турнирі аясында өтеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: