Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Көптен күткен жеңіс

Көптен күткен жеңісҚызылорданың «Қайсары» көптен күткен жеңісіне қол жеткізді. Ел чемпионатының 14-туры аясында Қарағандының «Шахтерін» қабылдаған жерлестеріміз 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Қайсар – Шахтер 2:0 (1:0)
Голдар: Струков 34 (1:0), Юнузович 57 (2:0)
Ескертулер: Кейлер 36 - Покривач 28, Порываев 82
Қайсар: Нурмухаметов, Кляйн (к), Митошевич, Балтаев, Мулдаров, Кейлер, Шестаков, Мужиков (Ирисметов 78), Вороговский (Нехтий 89), Струков, Юнузович (Хунт 90+1) 
Резерв: Прядкин, Цой, Нұрдәулетов, Скорых
Шахтер: Заруцкий, Дэвид, Азаматов (Тарасов 60), Джидич (к), Порываев, Покривач, Коструб, Карпович (Өміртаев 81), Ветров (Ермеков 46), Муртазаев, Топчагич 
Резерв: Шацкий, Дубков, Наджарян, Вошаглик
Төрешілер: Ысқақов (Астана), Сүйінов, Тасыбаев (екеуі де - Павлодар) 
29 мамыр. Қызылорда. Ғ.Мұратбаев атындағы орталық. 3 000 көрермен
Соңғы кездері сәтсіздіктен көз ашпай келе жатқан екі команда үшін бүгін ойын психологиялық тұрғыда өте маңызды еді. Қызылордалықтар да, қарағандылықтар да турнир кестесінің төменгі бөлігінде орналасқан. Біреуінде тіптен бас бапкер де алмасып үлгерді. Сондықтан, «Қайсар» да, «Шахтер» де алаңға тыңғылықты дайындалып шықты.
Алаң иелерінің бас бапкері Дмитрий Огай негізгі құрамға үлкен бір өзгеріс енгізді. Бұл шешім жанкүйерлерді ғана емес, қарсыластарды да таңғалдырған шығар. Соңғы екі жылда қақпадағы орынды ешкімге бермей, үнемі бірінші минуттан бастап алаңға шығып келе жатқан Кирилл Прядкиннің орнына Рамиол Нурмухаметов шықты. Ал ойын негізінен «Қайсардың» шабуылдарымен өрбіді. Бірінші таймның бел ортасында Сергей Струковтың қақырата соққан добы қақпа торының тоғыздығынан табылса, екінші таймда әріптесінен әдемі пас алып, қақпашының қателігін тиімді пайдаланған Эдин Юнузович таблодағы көрсеткішті 2:0-ге жеткізді.
Рас, қонақтар қарымта шабуылдар арқылы өздерінің бақыттарын іздеп көрді. Бірақ алғы шептегі ойыншылары мардымсыз болып, сонымен қатар, «Қайсар» қорғаушылары қателіктерге бой алдырмай, ойын қызылордалықтардың жарқын жеңісімен аяқталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: