Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"ҚАЙСАР" 4 ҚАҢТАРДА ДАЙЫНДЫҚТЫ БАСТАЙДЫ

"ҚАЙСАР" 4 ҚАҢТАРДА ДАЙЫНДЫҚТЫ БАСТАЙДЫЕртең, 4 қаңтарда "Қайсар" командасының ойыншылары Қызылорда қаласында жиналады. Алғашқы оқу-жаттығу жиыны 12 қаңтарда Шымкент қаласында өткізіледі. Бұл жөнінде Сейхун-инфо.кз "Қайсардың" "В контакте" желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлады. 
Жаңа жыл қарсаңында "Қайсар" мен "Байөоңыр" командалары Қызылорда қаласындағы "Локомотив" стадионында жолдастық кездесу өткізді. Бұл ойында 2:0 есебімен қайсарлықтар жеңіске жетті. Голдарды Д.Нәрзілдаев пен А.Жақаев соқты. Қазіргі таңда командада өткен жылғы құрамнан А.Балтаев, О.Алтаев, Д.Нәрзілдаев, Е.Алтынбеков, С.Көшеков қалды. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: