Бұл ойында Думан Нәрзілдаева 31, 51 минөтте қос доп соқса, Бразилияның "Оле Бразил" клубында шеберлік шыңдап қайтқан қазақстандық ұланның бірі Алмат Тілеуқабыл 41 минөтте бір голды өз еншісіне жазды. Оған қонақтар екі доппен жауап қайырды.
Осының нәтижесінде жерлестеріміз 3 турдан кейін көш басында келеді. Естеріңізге сала кетелік, "Қайсардың" жастары біріншілік басталғалы бірде-бір мәрте жеңілген жоқ. Бұдан бұрын өз алаңында "Жетісу" өрендерін 3:0 есебімен тізе бүктірсе, сырт алаңда "Оқжетпестің" қосалқы құрамымен 1:1 есебімен тең түсті.