Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Самат Смақов: «Әр команданың осал тұстары бар»

Қазақстан Ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Самат Смақов ҚФФ-ның баспасөз қызметіне берген сұхбатында Исландия құрамасымен өтетін ойынға дайындық және жанкүйерлер кездесу жөнінде әңгімелеп берді. 

Самат Смақов: «Әр команданың осал тұстары бар»

 

Команданың көңіл-күйі жақсы. Жаттығу процесі толыққанды жүріп жатыр, -  дейді Самат Смақов. - Исландия құрамасымен өтетін ойынға дейін екі күн бар, олардың ойынына зерттеу жүргізіп, тиянақты дайындаламыз.
Әр команданың осал тұстары бар. Исландиялық футболшылардың осал тұстары аз болғанымен, бар екені анық. Бапкерлер құрамы сол кемшіліктерге басымдық беріп отыр. Біз өз кезегімізде оң нәтижеге қол жеткізу үшін қателіктерді азайтамыз.
Қазақстандық жанкүйерлердің барлығын 28 наурыз күні сағат 21:00-де «Астана Арена» спорт кешенінде өтетін Қазақстан - Исландия матчына шақырамыз.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: