Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Қайсар" демалыстан кейінгі алғашқы жаттығуын өткізді

Кеше Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы екі апталық үзілістен кейін алғашқы жаттығуын өткізді. Жеңіл түрде өткен жаттығуда бас бапкердің міндетін атқарушы Сұлтан Әбілдаев жігіттердің демалыстан кейінгі әлеуеттерін байқай алды.

 

Алдымен алаңды айнала жүгіріп, бой қыздырған футболшылар Сұлтан Әбілдаев пен бас бапкердің көмекшісі Анатолий Бельскийдің жетекшілігімен техникалық жаттығуларға көшті. Ал соңына таман команда үш құрамға бөлініп, алаңның бір бөлігіне футбол ойнады.
Айта кетейік, бұған дейінгі жаттығулардың бірінде иығынан жарақат алып қалған Данил Цой дәрігерлердің қарауында жеке жаттықты. Сондай-ақ, дәрігерлердің айтуынша, «Жетісумен» болған ойында қарсыласпен соғысып қалып, жақтан жарақат алған Мартин Кляйнның да жағдайы оңалып келеді. Алдағы бірер күнде ол да жалпы жаттығуға оралуы тиіс.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: