«Қайсар» командасы бірқатар ойыншылармен келісім-шартқа отырды. Бұл жайында команданың баспасөз қызметі «В контакте» әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлім етті.
Келісім-шартқа қол қойғандар қатарында Руслан Сақалбаев, Нұржарық Құнов, Марочкин, Вяткин сынды ойыншылар бар. Команда қазір Түркияда оқу-жаттығу жиынында жүр. Алдағы маусымда кімдердің ойнайтыны оқу-жаттығу жиынынан кейін белгілі болады.