Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

МАҚСАТ БАЙЖАНОВ «АТЫРАУДАН» КЕТТІ

МАҚСАТ БАЙЖАНОВ «АТЫРАУДАН» КЕТТІФутболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Мақсат Байжанов «Атырау» клубы сапынан кетті, деп хабарлайды Kazfootball.kz порталы.
31-жастағы футболшының «Атырау» клубымен келісім-шарт мерзімі аяқталған. Клуб басшылары футболшымен шартнаманы ұзартуды жөн санамапты. Сондықтан да футболшы бүгінде еркін агент. Футболшының өзінің айтуына қарағанда, қазір оған Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін екі-үш клуб ұсыныс жасаған. Бірақ, Мақсат Байжанов алдағы уақытта нақты қай клубта өнер көрсететінін анықтаған жоқ екен. Бұл сұрақтың жауабы бірер күнде белгілі болады.
Айта кетейік, бұған дейін футболшы «Қайсар», «Ертіс», «Локомотив», «Ақтөбе», «Жетісу», «Шахтер» секілді клубтардың намысын қорғаған. Ал, өткен маусымда ол «Атырау» сапында 25 ойынға қатысып, 5 гол соққан.  


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: