Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Юрий Красножан: Матчтың Қазақстанда көрсетілуі футболшылардың жауапкершілігін арттырады

Юрий Красножан: Матчтың Қазақстанда көрсетілуі футболшылардың жауапкершілігін арттырады	Матч алдындағы жаттығудан кейін Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножан қазақстандық журналистерге берген сұхбатында оқу-жаттығу жиыны жөнінде пікірімен Қазақстан футбол федерациясының баспасөз мамандарымен ой бөлісті.
– Футболшылар сапалы дайындық жүргізді. Жаттығу жиынына 4-5 ойыншы қатыса алмады. Дегенмен, оқу-жаттығу жиынының  деңгейі жоғары болды. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған жаттығудың  ойын барысында жақсы нәтиже беруі аса маңызды. 
–  Молдова құрамасымен өтетін ойын тәжірибелік сипатқа ие бола ма?
– Бір жағынан бұл оқу-жаттығу жиынын қорытындылайтын бақылау ойыны. Біз жиын өткізіп, қателіктерді түзеп, футболшылармен жұмыс істедік. Екінші жағынан қорғаныс пен орталық алаңда ойнайтын футболшылардың байланысын анықтаудың маңызы зор. Бұл байланыстың болашағы бар екенін тексеру қажет.
– Қазақстандық телеарна алғаш рет Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынындағы жолдастық матчын тікелей эфирде көрсетеді. Бұл футболшыларға ықпал етеді ме?
– Біріншіден, матчтың Қазақстанда көрсетілуі ел футболының дамуымен, Ұлттық құрамаға деген қызығушылықтың артуымен байланысты. Сонымен қатар, футболшылардың да жауапкершілігі арта түспек, яғни, олар жанкүйерлердің теледидар арқылы қолдап отырғанын түсінеді.   
– Жарақат алған футболшылардың жоқтығы ойынға әсер ете ме?
– Негізгі құрама ойыншыларының жоқтығы ойынға әсер етпеуі мүмкін емес, бірақ, екінші жағынан басқа футболшыларға мүмкіндік беріледі. Сол себепті жарақат алған футболшыларға денсаулық тілей отырып, оларды алмастырған ойыншылар жоғары деңгейде өздерін көрсете алады деп үміттенеміз. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: